Ынтымақтастық аясында

«Өрлеу» Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім Басқармасының «Айша бибі» атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында институт директоры м.а. Цой Наталья мен лицей-интернат директоры Бегімбай Меруерт бірлескен жұмыс жоспарына қол қойды, Атап айтқанда: ғылыми және ғылыми-әдістемелік сипаттағы бірлескен іс-шараларды өткізу; білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру; білім алушылар мен педагогтерге ғылыми кеңес беруді ұйымдастыру; тәжірибе және біліммен алмасу және т.б. «Өрлеу» – Жамбыл әріптестерінің қатарында мамандандырылған лицей-интернат ұжымы болғанына өте қуанышты және бірлесе отырып табысты жұмыс істейміз деп  үміттенеді.

Бибі Скакова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар