Ынтымақтастық аясындағы меморандум

Наурыз айының 19-ы күні, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» арасындағы толықтырулар енгізіліп, жаңғыртыла жасақталған білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.🔸️ Меморандум мазмұнында төмендегідей бірлікте жасалатын жұмыстар қамтылды: – өзара пайдалы болып табылатын бағдарламалар бойынша екі Тарап келісімімен оқу орындары арасында профессор-оқытушылық құраммен, оқытушылармен, тағылымдамашылармен және сарапшылармен алмасу;- оқыту және қайта оқытудың білім беру жүйесі мен құрылымы, реформалары мен жаңа білім беру технологиялары туралы ақпаратпен алмасу;- білім жүйесінде мұғалімдерінің білім сапасын одан әрі арттыру мақсатында өндірістегі оқытуды қоса алғанда, оқу орындарының әкімшілері мен мұғалімдеріне оқыту шараларын ұйымдастыру;- екі Тарапқа өзара пайда әкелетін техникалық, кәсіптік және білім беретін танылған оқу орындары арасында екіжақты бағдарламаларды енгізу;- оқу әдебиеттерімен, оқу құралдарымен, ақпарат және көрсету материалдарымен алмасу, сондай-ақ тиісті көрмелер мен семинарлар ұйымдастыру;- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, техникалық және кәсіптік білім беру, математика және жаратылыстану ғылымдары салаларындағы өзара көмекті қолдау;- өзара қызығушылық тудыратын халықаралық ынтымақтастық саласында ақпарат алмасу, «Yessenov Science Journal» және басқа да ғылыми журналдарда бірлескен жарияланымдар үшін материалдар ұсыну.🖋 Меморандум аясында:1. Педагог мамандығына “бүйірлік” кіруді жүзеге асыру;2. Педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларын келісу;3. Тәжірибеге бағытталған оқытуды ұйымдастыру;4. Профессорлық-педагогикалық құрамның, білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі педагогтардың үздіксіз педагогикалық білімі;5. Педагогикалық білім беруді насихаттау;6. Жол картасын ақпараттық сүйемелдеу бағыттары бойынша Yessenov university мен Кәсіби даму институтының бірлескен қызметінің жол картасы (2024-2026 жыл)жасақталды.🔸️Ынтымақтастықта жасалатын келелі кеңестер мен шығармашылық жұмыстарымызға сәттілік тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар