Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасына сәйкес, жекеменшік білім беру ұйымдарының оқу үдерісіне «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын енгізу мәселесі де ынтымақтастықтың маңызды бағыты ретінде қарастырылуда.
10.06.2025 ж. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институт филиалы мен «Республикалық Дарын мектеп-лицейі» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Институтқа Республикалық Дарын мектеп-лицейінің директоры Ибрагим Ботагөз Жақыпқызы арнайы келіп, екіжақты серіктестікті дамытуға ниет білдірді.
Сонымен қатар, «Дарын» мектебінің педагогтері жыл сайын өткізілетін «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауына белсенді қатысып келеді. Соңғы жылдары бұл мектептің екі ұстазы жеңімпаз атанды. Биыл да байқауға қатысуға қызығушылық білдіріп отыр.
Бірлескен жобалар, әдістемелік тәжірибе алмасу және шығармашыл ұстаздарды қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.