Ынтымақтастық – білім мен мәдениеттің дамуына жаңа қадам

2025 жылдың 27 наурызында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты мен «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчествалық Бірлестігі «Таланттар Академиясы.kz» ұлттық өнер-білім-ағартуды қолдау орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл ынтымақтастық аясында:


✅ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан – Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» Үндеуін – бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі қоғам мен өсер ұрпаққа Ұлттық құндылықтарды насихаттау және бойына сіңіру жолында бірлескен іс-шараларды жоспарлау;

✅ Ұлттық құндылықтарды насихаттауға;

✅ Жас ұрпақты отансүйгіштікке, білімге, еңбексүйгіштікке баулуға;

✅ Ұлы тұлғалар мұрасын дәріптеуге;

✅ Ұстаз мәртебесін арттыруға;

✅ Оқушыларға өз жолын табуға көмектесуге бағытталған.

Жоғарыдағы айтылған мақсаттарға ұстаздар арқылы, ұстаздардың біліктілігіне ықпал ету арқылы жету.

Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты «Таланттар Академиясы.kz» орталығының іс-шараларын ақпараттық және оқу-әдістемелік тұрғыда қолдайды:

🔹 Форумдар, конференциялар, байқаулар, көрмелер;

🔹 Өнер-білім фестивальдері, ғылыми жинақтар;

🔹 Ұстаздарға арналған құрмет кітаптары.

Бірлескен іс-шаралар Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры бекіткен іс-шаралар жоспары негізінде жүргізіледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар