Ү.ж. 7 желтоқсан күні Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицей базасында педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Мұғалім шығармашылығындағы жобаның тиімділігі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шараға Жамбыл ауданы білім бөлімінің әдіскерлері мен орта білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Семинар барысында білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, педагогтердің шығармашылық және жобалық жұмыстары талқыланды. Семинардың тәжірибелік бөлімінде Тараз қаласы №30 мектеп-гимназия, №45 Б.Момышұлы атындағы гимназия, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия педагогтері Р.Нурманалиева, З.Тилепбергенова және Н.Махашева өз тәжірибелерімен бөлісіп, шығармашылық жоба жұмыстарын таныстырды. Семинар соңында қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.

- 07 Дек
- 2022