Ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды

Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушылары Дариға Қартбаева мен Фатима Қаракушекова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Жаратылыстану институтының директоры, профессор Гаухар Байташевамен кездесті. Кездесу барысында тараптар болашақ педагогтер мен жас мамандарды қолдау бойынша 2024 жылға арналған келісімшарт жасасты.

Институт директор тренерлерге ынтымақтастық туралы шарттар жасасуға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, өзара ынтымақтастықтың нәтижелілігіне сенім білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар