Ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру мақсатында…

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы Акционерлік қоғамы мен жеке білім беру ұйымдарының Республикалық Қауымдастығы «Заңды тұлғалар бірлестігі» арасындағы 2022 жылғы 5 қаңтардағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру мақсатында СҚО бойынша кәсіби даму институтында 2022 жылғы 18-29 сәуір аралығында Алматы облысы жеке мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері онлайн форматта «Бастауыш мектептің оқу жоспары пәндерінің күрделі тақырыптарын оқу» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыруда.

Жеке және топтық оқыту түрінде Онлайн оқыту, практикалық сабақтармен бірге жүру сұрақтарға жауап табуға көмектеседі (бастауыш мектепте жиындарды зерттеу және 3-4 сыныптарда бөлшектерді зерттеу әдістемесінің ерекшеліктері қандай, логикалық және комбинаторлық есептерді шешудің дағдылары мен мәні неде және т. б.). Тыңдаушылар өз тәжірибелерімен тек сабақтарда ғана емес, сонымен қатар өз бетінше жұмыс жасау кезінде де бөлісе алады, өйткені оның нәтижесі WhatsApp Web-те өзара оқыту мақсатында көрсетіледі.

Бастауыш мектептің оқу жоспары пәндерінің күрделі тақырыптарын оқу аспектісінде қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау кезіндегі құзыреттілік демо-сабақты қорғау нәтижесінде көрсетіледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар