Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша “Өрлеу” филиалының директоры Гаухар Сайлаубекқызы Жұманова “Riviera Вambini” балабақшасында болды. Балабақша меңгерушісі Ольга Александровна Сысоева экскурсия өткізіп, қонақтарға осы бірегей білім беру мекемесін құрудың негізгі тұжырымдамасы туралы айтып берді.

Баланың дамуында оқу кеңістігі маңызды рөл атқарады және ол неғұрлым жақсы ойластырылған болса, балалардың оқуға деген қызығушылығы соғұрлым белсенді болады. Төбесі биік холл, эмоционалды дизайн, керемет таңдалған түстер балабақша кеңістігін әдемі және мәнерлі етеді.  

“Бала эстетикалық объектіні визуалды қабылдай отырып үйренуі керек”, – дейді Ольга Александровна. Біздің бөбектер өздерін айналасында қоршаған дүниенің бәрін бақылай отырып дамиды, сондықтан сіз қызығушылықпен зерттеуге, ұстап көруге және сезінуге болатын ақылды кеңістікті жабдықтауыңыз керек.

Балабақшада әр топтың өзіндік тақырыптық аймағы бар (барлығы сегіз), музыка және спорт залы, сурет салу студиясы, “сөйлейтін қабырғалар” бар, бұл  балаларға практикалық дағдыларды игеруге, сезім мен ойлауды дамытуға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында филиал басшылығымен ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және кәсіби шеберлігін жетілдіруге байланысты мәселелерде перспективалар ашады. Педагогтер “Өрлеу” филиалында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білім және тәжірибе алмасады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар