«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы мен «TAMOS SPACE SCHOOL» халықаралық мектебі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Астана қаласы бойынша біліктілікті арттыру институты» мен «TAMOS SPACE SCHOOL» халықаралық мектебі бірлесе отырып, педагог кадрлардың кәсіби дамуына атсалысу, педагогтердің ғылыми-әдістемелік әлеуетін арттыру мақсатында ынтымақтастықта жұмыс жасау.
Меморандумды іске асыру мақсатында Тараптар өзара ынтымақтастықтың келесі бағыттары бойынша жұмыс жасайтын болады:
– тараптар өкілдерінің ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, шеберлік сабақтарына, тренингтерге қатысуы арқылы орта білім беру және мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру саласында Тараптар жинақтаған тәжірибені беру және білім алмасу;
– педагогикалық қызметті жүзеге асыру, өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, дәрістер мен семинарлар өткізу мақсатында білім беру және ғылыми бағдарламалар шеңберінде мамандармен тәжірибелік алмасу;
– заманауи педагогикалық бастамаларды танымал ету және білім беру жүйесі қызметкерлерінің озық педагогикалық тәжірибесін тарату.



