Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін «Өрлеу» Қостанай филиалының ұжымы «Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ басшысы Айнагүл Ағыбайқызы Сурагановамен кездесті. Біз өз жұмысымыз туралы әңгімелестік, бүгінгі таңда курстарды сапалы жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін ресурстық базамызды көрсеттік.

Әңгіменің негізгі тақырыбы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Нұрланұлы Дәуеновтың осы жылдың 1 ақпанында «Өрлеу» филиалдары директорларымен өткізілген отырыс-кездесуінде берілген тапсырмаларды жүзеге асыру болды.

Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен (БССҚЕД) өткен жылдан бері осы бағытта жүйелі бірлескен жұмыстарды атқарып келеміз. Біздің облыс мектептерінің педагогтері мен курс тыңдаушыларына арналған «Ашық дәрістер» жобамыз БССҚЕД және облыстың білім Басқармасымен жүргізіледі. Мұғалімдер ең өзекті және сұранысқа ие тақырыптар бойынша ақпарат пен сұрақтарға жауап ала алады.

Биылғы жылы Айнагүл Ағыбайқызының бастамасымен облыс педагогтары, біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары үшін «Өрлеу» базасында жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізіледі. Білім басқармасының басшысы Айман Елеманқызы Ибраева да бұл бастаманы қолдайтынына сенімдіміз. Сонымен қатар, БССҚЕД басшысы А.А. Сураганованың жеке қамқорлығымен жұмыс істейтін курс тыңдаушыларына арналған «Құқықтық білім сағаты» атты жаңа жобамызға қолдау көрсетілді.

Кездесу қорытындысы бойынша филиал директоры Слесарь Марионелла Васильевна мен департамент басшысы Сураганова Айнагүл Ағыбайқызы атынан ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.  Біз бірлесіп, бірыңғай команда ретінде құқықтық сауаттылықты облыстың әрбір педагогының игілігіне айналдыра алатынымызға сенімдіміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар