Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2024 жылдың 30 қаңтарында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Қайсар Нұрлыбаев пен Алматы қаласында орналасқан «Academ Education» жекеменшік мектебінің директоры Мұхит Наметкулов арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық жолдарын талқылап, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті. Педагогтердің кәсіби дамуы аясында бірлескен ынтымақтастықты нығайту мақсатында жасалған бұл қадам, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатындығы анық.

Кездесу нәтижесінде, Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты мен «Academ education» жекеменшік мектебі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында екіжақты жоспар құрылып, біріккен іс-шаралар жүргізу бағыттары қарастырылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар