Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

“Өрлеу” Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты және «ADAM SCHOOL» мектеп – гимназиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ұйым басшылары Бекіш А. пен Картаева Т. педагогтердің кәсіби өсу көкжиегін кеңейтуге, практикалық тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды іске асыруға ықпал ететін өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Жасалған меморандум шеңберінде “ADAM SCHOOL” мектеп – гимназия базасында “Мектепке дейінгі білім беру ұйымында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің инновациялық нысандары” атты қалалық семинар өткізілді. Қатысушылар мектепке дейінгі білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сараланған оқыту және олармен жұмыс істеу әдістерін қолдану бойынша өз тәжірибелерін көрсетті.

Семинарды Астана қаласы әкімдігінің «№4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ педагогтері Гусманова С. және Бекимова Н. өткізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар