«Өрлеу» РКДИ мен Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының @specialedu.kz арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасауда дефектолог-мұғалімдердің түзету-дамыту қызметін оңтайландыру» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті.
Бағдарлама ЕББҚ бар балалардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін анықтау бойынша дефектолог мұғалімдердің біліктілігін арттыруға негізделген және мектепке дейінгі ұйымдарда түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде дефектолог-мұғалімнің баланы дамытудың жеке бағдарламаларын құруға, диагностика бойынша ұсыныстар жасауға, қауіпсіз пәндік-дамытушы ортаны құру бойынша жұмысты ұйымдастыруға үйрету.




