Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Қазіргі таңда институтта инклюзивті білім беру бойынша мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

6 сәуір күні «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен №2 Облыстық балалар оңалту орталығы арасындағы ынтымақтастықты және әріптестікті нығайту туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын күшейту, инклюзивті білім беру бойынша білікті мамандарды даярлау сапасын жақсарту, сонымен бірге ғылыми-зерттеулер жүргізу, әдістемелік құралдар дайындау, педагогикалық тәжірибеде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға қажетті дағдылар мен құзыреттіліктерін дамытуға бағыт беру және олардың нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру.

Меморандум аясында институт директоры Бауыржан Елеусінов пен оңалту орталығының директоры Қарлығаш Билалова арнайы құжатқа қол қойды. Орталық педагогтеріне әдістемелік, ғылыми тұрғыда іс-шаралар өткізуге келісім жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар мен мәселелер қаралды.

Кездесу барысында оңалту орталығымен әріптестікті орнату және нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Алдағы уақытта білікті мамандардың басшылығымен орталық педагогтеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ұйымның сұранысы бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын біліктілік арттыру курстары мен оқыту семинарларын өткізу жоспарланды.

Аталған Меморандум «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен №2 Облыстық балалар оңалту орталығының арасындағы табысты, бірлескен жұмыстардың бастамасы болатынына сенім білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар