Ынтымақтастық туралы меморандумды дамыту шеңберінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы филиалда ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру курстарында дәріс оқуда. Аталмыш жоғары оқу орнының аға оқытушысы, педагогикалық ғылымдарының кандидаты, доцент Зауреш Имжарова «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсында тыңдаушыларға инклюзивті білім берудің педагогикалық-ұйымдастырушылық негіздерін, психологиялық-педагогикалық қолдаудың қыр-сырын меңгертуде. Сонымен қатар, түзете отыра дамыту және оқыту технологияларын пайдалануды, әр балаға оңтайлы педагогикалық бағытты жобалау бойынша мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынуда. Курс барысында курс тыңдаушылары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтіп, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу технологияларын қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Курс тыңдаушыларына сәттілік, шығармашылық жетістіктер тілейміз!!!
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ұжымына ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз.

- 30 Янв
- 2024