2023 жылдың 24 наурызында ШҚО бойынша “Өрлеу” филиалы Оқу-зерттеу экобиоорталығымен бірлесе «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АҒАРТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТ – 2023» дәстүрлі ХХІІ аймақтық педагогикалық жаратылыстану-ғылыми конференциясын өткізді.
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық білім беру және ағарту жүйесіне аймақтық компонентті енгізу негізінде педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту – осы жыл сайынғы конференцияның басты мақсаты.
Пленарлық отырыста филиал директоры Гаухар Жұманова мен Зура Айтқазина, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы директорының орынбасары құттықтау сөз сөйледі. “Оқу-зерттеу экобиоорталығының” директоры Анатолий Цыгановтың, «Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» басшысының орынбасары Арман Есентаевтың, С.Аманжолов атындағы. Шығыс Қазақстан университетінің «Экология және география» кафедрасының профессоры Анна Егоринаның, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК табиғат бөлімінің меңгерушісі Сергей Стариковтың баяндамалары тыңдалды.
Конференцияда Шығыс Қазақстан ғалымдарының экологиялық-биологиялық, географиялық және өлкетану зерттеулерінің нәтижелері, оқушылардың экологиялық ойлауын дамытуға ықпал ететін облыс педагогтерінің жаңа әдістемелік әзірлемелері мен ұсыныстары ұсынылды.
Жұмыс бес секцияда жүргізілді: «Аймақтық экологиялық проблемалар, оларды мұғалімнің шешу тәжірибесі»; «Білім беру мен ағартудағы аймақтық компонент»; «Мұғалімнің өлкетану және туризмді аймақтық компонент ретінде зерделеуі мен қолдануы»; «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы аймақтық зерттеулер»; «Жас ғалымдардың еңбектерінде табиғи және урбанизацияланған ортаның аймақтық нысандарын зерттеу». Конференция жұмысының соңында әр секция жұмысының қорытындысы шығарылды, барлық қатысушыларға сертификаттар, алғыс хаттар табысталды.
Педагогикалық жаратылыстану-ғылыми конференцияның нәтижелері бойынша “Экологиялық білім беру және ағарту жүйесіндегі аймақтық компонент – 2023” жинағы шығарылатын болады.


