«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты 2025 жылдың 20 ақпан күні жедел жоспарға сәйкес Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай, жазушының «Қаһар» романындағы тарихи және әдеби құндылық» тақырыбы бойынша шығармашылық хакатон өткізді.
Шығармашылық хакатонды ұйымдастырған Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушылары Байболова Гүлжанат Ғабдулахметқызы мен Есентаева Айжан Ыдырысқызы.
Шығармашылық хакатонға Алматы қаласы білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні мұғалімдерінен бірлескен 10 команда, барлығы 60 мұғалім қатысты. Атап айтқанда, Алмалы, Наурызбай ауданынан, Әуезов ауданының атынан №202 МГ мұғалімдері, Бостандық ауданы атынан М. Мақатаев атындағы №140 М, №10 ЖББМ мұғалімдері, Жетісу ауданының атынан №177 ЖББМ мұғалімдері, Медеу ауданының атынан №53 МГ мұғалімдері, К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп –интернат-колледжінен және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен құралған командалар.
Командалар хакатон бағыттары бойынша «Қазақ жеріндегі ұлттық сананың ояна бастауы», «Романдағы батырлық пен қайсарлық концепциясы», «Заманауи көзқарас», «Қаһар» романы бойынша тарихи карта жасау», «Кенесары тұлғасы» туралы әлеуметтік желіге бейімделген контент», «Қаһар» романының заманауи бейнесі: әлеуметтік желідегі комикс», «ХIХ ғасырдағы қазақ жеріндегі азаттық күрес, «Қаһар» романының тарихи дереккөзі ретіндегі маңызы», «Қаһардағы әйел образы:тарихи және көркемдік талдау» сахналық қойылым, «Тарихи оқиғалар мен көркем туындының тоғысуы: романнан тарихи фактілерге баға беру», «Үздік әдеби талдау (тарихи, әдеби, креативті және интерактивті)» тарихи, әдеби, инновациялық тақырыптар бойынша жоба жұмыстарын әзірлеп қорғады.
Хакатон жұмыстарын арнайы бекітілген тізімдегі сарапшылары құрамы бағалады.
Сарапшылар құрамы:
– Оразов Рашид Ешенұлы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының, Орталық мемлекеттік архив Әлеуетті зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері
– Камалиева Зауре Манаповна – №174 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, ҚР Білім беру саласының үздік қызметкері, сарапшы
-Ахметова Лазаткуль Касеновна – Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, ҚР Ы. Алтынсарин атындағы Төсбелгінің иегері, үздік педагог, сарапшы
–Тортаева Қапиза Долдашевна – №174 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы “Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарды (Ұлттық мүдде, Ар-ұят, Талап) қалыптастыру” бойынша әдістемелік ұсынымдық бағдарлама авторы, Алматы қаласы Білім басқармасы «Педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін және біліктілік талаптарына сәйкестік дәрежесін бағалау» жөніндегі сараптамалық кеңестің мүшесі
-Маликова Майра Маликқызы – Абай атындағы Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Шебер-педагог», гуманитарлық ғылымдар магистрі,Философия докторы PhD, аға оқытушы, Ы. Алтынсарин атындағы Төсбелгінің иегері, «Оқулық орталығы» қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің бағдарлама, оқулықтарының сарапшысы, «Қоғамдық даму орталығының» спикер-сарапшы
– Қали Ақыл Самарханұлы – №185 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі, 2018 жылғы Қала әкімі сыйлығының иегері, 2017 жылдан бері PISA халықаралық зерттеулерінің апробациялық пәндік тапсырмаларын жобалаушы, тренері және «Жаһандық құзыреттер» бағдарламасының әзірлемелік жұмыс тобының сарапшы, «943 – еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жобасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған базалық курс бағдарламасының авторы
– Есенов Даулет Бақытжанұлы – «Qalam» жекеменшік мектептің тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы
Шығармашылық хакатонның нәтижесінде қатысушылар «Үздік тарихи зерттеу», «Үздік әдеби талдау», «Үздік шығармашылық жоба», «Заманауи көзқарас», «Үздік әдеби сахналық қойылым», «Креативті команда» номинацияларымен, жүлдегерлерді І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттады.
Институт директоры Мелдебеков Ержан Тұрғанбайұлы шығармашылық хакатон жұмысының ұйымдастырушыларына, сарапшыларға алғыс хат беріп, шараны жүргізген М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ибрагимов Алтынбек Жаңбырбайұлы мен Ғабитқызы Динараға құрмет грамотасын табыстады.









