Іскерлік кездесу нәтижеге бағытталған

12.06.2025 ж. «Өрлеу» Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында Шымкент қалалық әдістемелік орталығының комиссия мүшелерімен бірлескен жұмыс кездесуі өткізілді.

Кездесу «Ұстаз» платформасы арқылы мұғалімдердің портфолиоларын бағалау үдерісін жетілдіруге бағытталды.

Іс-шара барысында модератор және сарапшы санаттарын беру немесе бермеу жөніндегі шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар талқыланды. Комиссия мүшелері тарапынан бағалау критерийлерінің айқындығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында тәжірибе алмасу жүргізілді.

Сонымен қатар, кездесуде «Ұстаз» платформасына жүктелген педагогтердің портфолиоларының 8 критерий бойынша мазмұны мен құрылымына қатысты өзекті мәселелер қозғалды.

Қатысушылар портфолионың сапасына әсер ететін негізгі аспектілерді саралап, жүйелі жұмыс жүргізу қажеттілігіне назар аударды.

Жиын қорытындысы бойынша комиссия мүшелері педагогтердің құжаттарын объективті бағалау үшін ортақ ұстаным қалыптастыру, сараптамалық жұмыстарды әдістемелік тұрғыда қолдау және түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде бірқатар нақты ұсыныстар мен шешімдер қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар