«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы мен Астана қаласы «Harmony School» білім беру мекемесі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Астана қаласы бойынша Біліктілікті арттыру институты» мен Астана қаласындағы ЖШС «Harmony School» білім беру мекемесі арасындағы өзара ынтымақтастық.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары іске асыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайтын болады:
– тараптар өкілдерінің ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, шеберлік сабақтарына, тренингтерге қатысуы арқылы орта білім беру және мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру саласында Тараптар жинақтаған тәжірибені беру және білім алмасу;
– педагогикалық қызметті жүзеге асыру, өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, дәрістер мен семинарлар өткізу мақсатында білім беру және ғылыми бағдарламалар шеңберінде мамандармен тәжірибелік алмасу;
– заманауи педагогикалық бастамаларды танымал ету және білім беру жүйесі қызметкерлерінің озық педагогикалық тәжірибесін тарату;
– бірлескен ғылыми-практикалық жобаларды, ғылыми-әдістемелік жобаларды, конференцияларды, әлеуметтік-педагогикалық іс-шараларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
– білім беру мазмұнын жаңартуды жетілдіру жағдайында мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері бойынша педагогикалық тәжірибені зерттеу, жалпылау және тарату.
Басшылар серіктестік аясында атқарылатын жұмыс бағыттары мен ортақ мәселелер туралы сөз қозғады. Атап айтқанда алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуді қолға алып, қала бойынша өткізілетін семинарлар мен ауқымды іс-шараларға қатысу мүмкіндіктеріне филиал қызметкерлерінің қол жеткізуіне жағдай жасалуына, бірлесе атқарылатын жұмыстар және білім беру саласындағы түрлі өзгерістерді жедел жүзеге асыруда өзара көмек туралы өз ойын ортаға салды.
Астаналық білім ордалары арасындағы іскерлік байланыс алға бассын!
Сәттілік!


