4 қазан күні Оралдағы «Өрлеу» институты Кәсіби білім беру кафедрасының меңгерушісі Динара Жумагалиева курстан кейінгі қолдау аясында №49 «Ақниет» бөбекжайында ұйымдастырылған ашық сабаққа қатысты. Бөбекжай тәрбиешілері Л.А. Сагидуллина мен Г. Е. Кумарова «Денсаулықты сақтайтын контент бойынша мультфильм жасау» тақырыбында ойын түрінде іскерлік сабақ өткізді.
Мұғалімдер ағымдағы жылдың 5-15 қыркүйегі аралығындағы біліктілікті арттыру курстарында игерілген Stop Motion Studio мобильді қосымшасы арқылы мультфильмдер жасау технологиясын көрсетті.



