«Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының «Жаратылыстану-математика бағытындағы» кафедрасы педагогтерге арналған онлайн/офлайн семинарлар жоспарына сәйкес, кафедраның аға оқытушысы А.К. Сабиханова 2025 жылдың 6–7 қарашасында «Іс-әрекетті зерттеу және жинақтау» республикалық семинарын ұйымдастырды.
Семинарға республика бойынша тақырыпқа қызығушылық танытқан барлық педагогтер қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараны институт басшылығы ашып, семинардың өзектілігі мен мақсаты жөнінде баяндамалар жасады.
Семинардың мақсаты:
- Педагогтердің инклюзивті білім беру, білім мазмұны, менеджмент, робототехника және пәндік бағыттар бойынша тәжірибеде жүзеге асырған зерттеулерін таныстыру және кеңінен тарату.
- Педагогтер арасында тәжірибе алмасу алаңын құру.
- Мектептегі білім беру принциптерін тиімді іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
- Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға әдістемелік қолдау көрсету.
Семинар мазмұны:
1. Білім берудің теориялық негіздері
- Инклюзивті білім берудің мәні, мақсаты, міндеттері және негізгі принциптері.
- Ерекше білім қажеттіліктері бар оқушыларды оқытудағы қиындықтар мен мүмкіндіктер.
2. Педагогтердің базалық құзыреттері
- Инклюзивті білім берудің негіздерін меңгеру үшін қажетті дағдылар.
- Оқу процесінде жеке тәсілдерді қолдану, психологиялық және коммуникативтік қолдау көрсету.
- Инклюзивті білім беру технологияларын тиімді пайдалану жолдары.
3. Сабақ жоспарлау және өткізу ерекшеліктері
- Инклюзивті сабақтарды ұйымдастыру әдістері мен технологиялары.
- Оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін ескере отырып сабақ жүргізудің тиімді тәсілдері.
4. Әріптестер және ата-аналармен ынтымақтастық
- Оқушының жетістігін арттыру үшін мұғалімнің ата-анамен, психологпен және басқа мамандармен өзара әрекеттесу формалары.
Ұсыныстар:
- Білім беру бағыттары бойынша кәсіби курстарды тұрақты ұйымдастыру;
- Педагогтердің білім берудің кез-келген бағыттары тиімді тәжірибелерін жинақтап, әдістемелік құралдар шығару;
- Білім беруде оқушыларды тұлғалық қолдау мақсатында қосымша ресурстар мен орталықтар ашу.
Семинар барысынан
Қатысушылар өз мектептерінде білім берудің түрлі бағыттарын іске асыру тәжірибелерін таныстырып, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Практикалық сабақтар өткізіліп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер көрсетілді.
Ұсынылған білім беру модельдері мен әдістемелер педагогтердің қызығушылығын тудырып, оларды өз сабақтарына енгізуге ниет білдірді.
Қорытынды
Семинар педагогтерге кәсіби білімдерін толықтырып, мектеп практикасында қолдануға болатын тиімді тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік берді. Инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған ұсыныстар практикалық жұмысты жүйелі жүргізуге негіз болды.
Ұсыныстар
- Білім беру бағыттары бойынша кәсіби курстарды тұрақты өткізу.
- Педагогтердің тәжірибелерін жинақтап, әдістемелік құралдар әзірлеу.
- Оқушыларды тұлғалық қолдауға арналған қосымша ресурстар мен орталықтар ашу.
https://drive.google.com/drive/folders/1oSxUQjfOKQ_-q1JKbd1H5sWrDCiw6F1P?usp=drive_link

