«Іс-әрекетті зерттеу және жинақтау» республикалық семинары өтті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Жаратылыстану-математика бағытындағы кафедрасы педагогтерге арналған онлайн/офлайн форматтағы семинарларды әзірлеу және өткізу жоспарына сәйкес 2025 жылғы 5 желтоқсанда «Іс-әрекетті зерттеу және жинақтау» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырды.

Аталған семинарды кафедраның аға оқытушысы А.К. Сабиханова жүргізді. Іс-шараға республика бойынша тақырыпқа сай педагогтер онлайн және офлайн форматта қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың ашылуында институт басшылығы сөз сөйлеп, тақырыптың өзектілігіне тоқталып, мазмұнды баяндама жасады.

Семинардың мақсаты – Білім сапасын арттыру бағытында педагогтердің инклюзивті білім беру, білім беру менеджменті, робототехника және пәндік бағыттар бойынша тәжірибеде жүзеге асырылған әрі нақты нәтижелерге қол жеткізген педагогикалық зерттеулерін тарату, тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, мектеп жағдайында білім беру принциптерін тиімді іске асыру үшін педагогтердің қажетті білімдері мен дағдыларын қалыптастыру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Семинар барысында төмендегідей өзекті тақырыптар қарастырылды:

Білім берудің теориялық негіздері:

Инклюзивті білім берудің мәні, мақсаты, міндеттері мен принциптері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытудағы қиындықтар мен мүмкіндіктер.

Педагогтердің базалық кәсіби құзыреттері:

Инклюзивті білім беру негіздерін меңгеруге қажетті дағдылар, оқу үдерісінде жеке тәсілдерді қолдану, коммуникативтік және психологиялық қолдау көрсету, заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану.

Сабақты жоспарлау және өткізу ерекшеліктері:

Инклюзивті сабақтарды ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен технологиялар, олардың тиімділігін арттыру жолдары, әртүрлі қажеттіліктері бар оқушыларды сабаққа тарту.

Әріптестер және ата-аналармен өзара әрекет:

Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында мұғалімнің ата-аналармен, психологтармен және өзге де мамандармен бірлесіп жұмыс істеу тәсілдері.

Семинарға қатысқан педагогтер өз мектептеріндегі білім беру үдерісін жүзеге асыру тәжірибелерімен бөлісіп, нақты жағдайлар мен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Қатысушылар жаңа педагогикалық әдістермен танысып, оларды оқу үдерісінде қолдану жолдарына арналған практикалық жұмыстарға қатысты.

Семинар барысында ұсынылған білім беру модельдері, әдіс-тәсілдер мен құралдар педагогтердің қызығушылығын тудырып, оларды өз тәжірибелеріне енгізуге ынталандырды.

Семинар нәтижесінде қатысушылар білім берудің әртүрлі бағыттары бойынша білімдерін толықтырып, оны мектеп тәжірибесінде тиімді қолдану жолдарын меңгерді. Педагогтер әртүрлі оқушыларды оқу үдерісіне тиімді қоса алуға бағытталған әдіс-тәсілдермен танысып, кәсіби тәжірибелерін байытты. Семинар инклюзивті білім беру саласында жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді.

https://drive.google.com/drive/folders/1ckQWayv-YwKgwKY1K86ttQ8bdssZC39a?usp=sharing

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар