Облысымыздың білім беру ұйымдарының педагогтері мен басқарушылары үшін «Ғылыми байқауларға қатысу аясындағы білім алушылардың зерттеу жұмысының жүргізілуі мен жазылуы және оларды тексеру алгоритмдері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында жобалық жұмыстар мен зерттеу жұмыстарының айырмашылықтары сипатталды, олардың проблемасын айқындау мен белгілеу боынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
Қатысушылар өз қызметі саласынан көкейінде жүрген прблемалық мәселелерді жобаға қалай айналдыруға болатыны жөнінде мазмұнды сұрақтар қойып, талқылау барысында шешімдерін тапты. Ғылыми зерттеу мен қолданбалы зерттеу жұмыстарының ерекшеліктері нақты жобалар негізінде талданып, типтік қателері мен оларды шешу жолдары ұсынылды.
Семинар нәтижесінде қатысушылар алған ақпараттарына, берілген әдістемелік «лайфхактарына», тәжірибелік мысалдарға ризашылығын білдірді және алдағы уақытта осындай мазмұндағы семинарлардың өткізілуін «Өрлеу-Ақтөбе» ұйымдастырушыларынан сұрады.


