Бүгін Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында Ғылыми кеңес өтті.
Күн тәртібінде – атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Кеңесті Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Қайсар Нұрлыбаев ашты. Отырысқа жиналған ғылыми кеңес мүшелерімен амандасып, аталған тақырыптарды талқылауға көшті.
Күн тәртібіне сәйкес «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасында жүзеге асырылған эксперименттік жұмыстар мен ЖОО ғылыми-әдістемелік байланыс жұмыстарының есебі” атты баяндамамен кафедра меңгерушісі Меруерт Бисенбаева сөз сөйледі.
Одан кейін Кеңес мүшелері кафедраның аға оқытушылары мен тренерлері Ләззат Адыбаева, Гаухар Джарылғасымова, Ринад Кошербаев және Нұрсауле Қылышбекованың “PISA халықаралық зерттеулері бойынша мектеп педагогтерімен бірлесе атқарылған іс-шаралар және сала бойынша қолдау көрсету жұмыстары туралы” баяндамаларын тыңдады.
Келесі хабарламаны Жетісу өкілдігінің басшысы Алмагүл Балшенова және Институттың бас әдіскері Жайнагүл Сәметова жасады – “Курсаралық және курстан кейінгі қолдау бойынша атқарылған жұмыстар және олардың сапасы”.
Ал отырысты Институттың оқу ісі бөлімінің баспа ісі бойынша бас маманы Перуза Асылбек “Біліктілікті арттыру жүйесіндегі БАҚ-тың рөлі және ақпараттардың Институт сайтының жариялымдары туралы” баяндамасымен аяқтады.
Ғылыми кеңес айтылған ұсыныстарды ескере отырып, қызметкерлердің жұмысын қанағаттанарлық деп таныды. Жоғарыда аталған баяндамаларды талқылау қорытындысы бойынша Институт директоры аталған кемшіліктермен күресуді тапсырды.














