«Ғылыми термин және олармен тиімді жұмыс жасау жоспары»

2023 жылдың 20 қыркүйегінде «Өрлеу» РКДИ «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Сабиханова Асель әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Педагогикалық география» мамандығы магистранттарының ғылыми-зерттеу тәжірибесі аясында, аталмыш университетің магистранты Жақсыбай Ақниетпен бірлесіп «Ғылыми термин және олармен тиімді жұмыс жасау жоспары» тақырыбында семинар өткізді.  

Семинардың мақсаты: заманауи педагог ретінде бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда мұғалімдер сабақ жоспарлауында ғылыми және академиялық тілді дамытудың қандай элементтерін ескеру, қалай тиімді жоспарлау мәселелерін талқылау және зерделеу, тиімділіктерін анықтау. Іс-шараға РКДИ оқытушылары мен әдіскерлер қатысты. Семинар когнитивті талқыланып, сындарлы кері байланыс берілді.   

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар