Ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2022 жылғы наурыздың 30-күні «Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінің ұйымдастурымен І облыстық «Білім берудегі инновациялар: мәселелер мен перспективалар» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шараға облысымыздың колледж студенттері мен жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 9-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. «Өрлеу» Павлодар филиалының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарыны магистрі Өміргүл Ертісхан «Қазақстандағы көптілді білім берудің мәселелері мен перспективалары» секциясының комиссия мүшесі болды.

Конференцияға қатысқан оқушылар өз жұмыстарын жақсы қорғай біліп, жалпы конференцияы жоғары деңгейде өтті, деп атап өтті Өміргүл Ертісхан.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар