Қазақстандағы шағын жинақталған ауыл мектептерін цифрландыру

Тамыздың 21-інде Өрлеу-Павлодарда «Шағын жинақталған ауыл мектептерін цифрландыру» атты шағын жинақталған мектеп педагогтерінің біліктілігін арттыруға бағытталған пилоттық жоба басталды. Аталмыш іс-шара еліміздің алты өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, СҚО және Павлодар облыстарында) жүзеге асырылуда.

Курс барысында ШЖМ басшылары білім беру жүйесін цифрландыру, білім беру ортасын оқытудың жаңа тәсіліне бейімдеу дағдыларын дамытатын болады. Мұғалімдер цифрлық технологияларды, онлайн коммуникациларды, дифференциацияны және дараландыруды қолдана отырып сабақ өткізуді үреніп, онлайн ресурстары пайдалану бойынша білімдерін жетілдіреді.

Павлодар өңірінде күні кеше бастау алған біліктілікті арттыру курстарынан 44 топ өтетін болады, оның 14-і пәндік, мектепалды және инклюзивтік білім беруге бағытталса, қалған 30-ы шағын жинақталған ауыл мектептерін цифрландыруы бойынша өтетін болады.

Айта кетерлігі, курстар Өрлеу-Павлодар базасында ғана емес, сондай-ақ Аққкулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Тереңкөл, Успен, Шарбақты және Екбастұз бен Ақсу қалалрында өтуде.


Алдағы екі апта бойы облысымыздың мыңнан астам педагогі өз біліктілігін арттыратын болады. Тыңдаушыларымызға сәттілік тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар