Тамыздың 14-і Қазақстанда алғаш рет шағын жинақты мектептерде оқу процесін цифрландыру курстары басталады.
Оларға еліміздің 6 өңірінен: Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 5 000-нан астам педагог қатысады.📊🏫
Курстар бағдарламасы білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында шағын жинақты мектептер басшыларының басқару дағдыларын жетілдіруге, шағын жинақты мектептер педагогтерінің қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар, оның ішінде цифрлық технологиялар негізінде оқыту дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Курсқа қатысушылар:
– цифрлық стратегияларды пайдалана отырып оқу сабақтарын жоспарлауды үйренеді;
– синхронды және асинхронды коммуникацияны;
– саралау мен дараландыруды;
– кері байланыс беру үшін онлайн-сервистерді пайдалануды;
– цифрлық білім беру технологиялары негізінде интерактивті тапсырмалар мен сабақ үзінділерін әзірлеуді.
Бұл тек бастамасы! Жобаны Қазақстанның барлық өңірлерге масштабтау 2024-2025 жылдары жоспарланған, бұл біздің еліміздегі инновациялар мен сапалы білімге деген ұмтылысты ғана көрсетеді. 🌍📚
Қостанай облысында оқу процесін цифрландыру бойынша курстарға 745 қатысушы жиналды: олардың ішінде 138 мектеп басшылары мен 607 педагог. 📊🏫
Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасымен бірлесіп, біз өңірдің әр түкпірінде бірегей білім беру кеңістігін құрып жатырмыз. Оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін курстар әртүрлі аудандарда өтуде.
Арнайы дайындықтан өткен 26 Үздік педагог цифрлық мүмкіндіктер әлеміне осы сапарда сіздің жаттықтырушыларыңыз болады. Олар әр қатысушыға цифрлық трансформацияның құндылығын сезіну үшін өз тәжірибелерін, білімдері мен шабытын жеткізеді. 💡🌈
Бұл жай ғана оқыту емес – бұл білім шегін кеңейту және білім беру процесіне жаңа тәсілдерді енгізу мүмкіндігі. Біз бірге инновациялар мен батыл идеяларға негізделген білім берудің болашағын жасаймыз! 🚀 📚