Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы өтті

2023 жылдың 26-27 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясы Астанада өтті. ХХХІІ сессияға Республикалық «Дўстлик» Ассоциациясы өзбек этномәдениет орталығының мүшесі ретінде «Өрлеу» БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша «Кәсіби даму институты» филиалы қызметкері Махфуза Мусаева қатысты. Сессияға Президент Әкімшілігінің басшылығы, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Парламент депутаттары, ҚХА мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ, дипломатиялық корпус, ғылыми қызметкерлер, шығармашылық интеллигенция, қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысты. Сессия барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіндегі бірқатар басымдықты айқындап, көпмәдениетті ортаны дамытып, әр бір Қазақстан азаматы мемлекеттік тілді білуі және меңгеруі үшін жүйелі қадамдар жасау керектігін айтты. Сонымен қатар Президент өз баяндамасында бірлігіміз бен татулығымызға мән бере отырып, көршілес, бауырлас елдермен қарым-қатынасы да бірлікке, татулыққа және өзара тілектестікке негізделуі керектігіне тоқталды. Қорыта келе, Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің баға жетпес байлығы. Себебі, татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар