Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны

Ү.ж. 29 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысанымен әдіснамалық-теориялық негіздерін қалыптасуын және даму жолдарын зерделеу, тілдік, кәсіби озық тәжірибелермен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары Кәсіби даму институты, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы КММ, Қызылорда облысы, Қазалы аудандық білім бөлімі, Назарбаев Университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, НЗМ, облыстық Тілдерді оқыту орталығының профессор-оқытушылары мен білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Семинар аясында қатысушылар қазақ тілін зерттеу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы бойынша озық тәжірибелер мен қазақ тілін оқыту әдістемесі, оның зерттеу нысаны және мәтінді лингвистикалық талдау үлгілері мен қолдану ерекшелігіне, жасанды интеллект ресурстарын қолдану арқылы қазақ тілін үйретудің маңыздылығы жайында өз тәжірибелерімен бөлісу арқылы көрсетті.
Сонымен қатар өзге ұлт өкілдеріне қазақ тіліндегі лексика грамматикалық минимумдар бойынша оқу материалдарын әзірлеуде тақырыптық бөліністерге байланысты берілген сөздік қор мен сол деңгейде берілген грамматикалық құрылымдарды байланыстырудың қажеттілігі, оқу құралдарын әзірлеуде де әр деңгейдегі лексика-грамматикалық құралдарға назар аудару және ұсынылған мәтіндер, талданатын сөйлемдер сол деңгейдегі лексика-грамматикалық минимумда болу керектігін сұрақ қою, тапсырма беруде де тіл үйренушіге таныс емес сөздер мен құрылымдарды бермеу керектігі талқыланса, қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды тиімді қолдану, зерттеу нәтижелері қазіргі жасанды интеллект бағдарламалары тілді тиімді оқытудың бірегей ұсыну мүмкіндіктері талқыланды.

Семинар соңында оқушыларды шебер сөйлеуге және сауатты жазуға үйретуде қазақ тіл білімінің метатілін орта мектеп деңгейіне сай меңгерту, лингвистикалық білім беру, тіл бірліктерін тану, талдау, мәтінтану, мазмұнын, құрылымын, стилі мен жанрын ажырата білудің әдістерін және педагогикалық тәжірибеде жасанды интеллектіні тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар жасалды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар