«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша қалыптастырушы және жиынтық бағалау үшін оқу тапсырмаларын әзірлеу»

2022 жылдың 22 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ филиалы «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша қалыптастырушы және жиынтық бағалау үшін оқу тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбы бойынша Түркістан облысы және Шымкент қаласының «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінің мұғалімдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеуде педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.Міндеттері:- қалыптастырушы және жиынтық бағалау үшін оқу тапсырмаларын әзірлеуде оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы мәселелерді анықтау; – анықталған мәселелерді шешудің тиімді жолдарын қарастыру.Аталған іс-шара барысында педагогтер қалыптастырушы және жиынтық бағалау үшін оқу тапсырмаларын әзірлеуге қажетті, құнды ақпараттар алды. Іс-шара соңында қатысушылар алған ақпараттары үшін алғыстарын кері байланыс арқылы білдірді.А.А.Жангабулова, М.Т.Бименова «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар