«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» біліктілікті арттыру курсы

2024 жылы 08.04-19.04 аралығында Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы Шымкент қаласы қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы өтілуде. Курс барысында мұғалімдер оқыту мен оқудың қажеттілігіне, білім беруде зерттеудің трендтеріне назар аудара отырып, білім алушылардың Soft Skills дағдыларын дамытуда белсенді әдістерді қолдануда. Білім алушылардың әр түрлі қажеттіліктерін ескеретін оқу стратегиялары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы сараланған тәсіл, жеке сабақты, оқытуды зерттеулердің маңыздылығы мән беріліп қызу талқылануда. Қазақ тіл білімі салаларын пәнге (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) кіріктіре оқыту бойынша өз тәжірибелерімен ортаға салуда. Мұғалімдер кәсіби шеберліктерін нығайтып, тәжірибе алмастыруға, қоржындарын томпайтуға мүмкіндік берген курс практикасының өте мол ықпалы болғандығына ырзашалықтарын білдіруде. Курс жетекшісі: Кужимова Ж.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар