Қазақ тілі және әдебиеті  пәні тренерлеріне арналған республикалық вебинар өтті

       7 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО»  АҚ филиалдарының қазақ тілі және әдебиеті  пәні тренерлеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы: позитивті эмоционалды өзара әрекеттесуді құру тәжірибелері» педагогтердің біліктілікті арттыру курсының Білім беру бағдарламасы мен ОӘК зерделеу нәтижелілігінің көрсеткіші ретінде” тақырыбында республикалық вебинар өтті.  Вебинарды авторлардан құралған шығармашылық топ өткізді. Іс-шараға «Мақсатты мектеп»  жобасы аясында ілгері деңгей бойынша курс өткізетін тренерлер мен пән мұғалімдері қатысты.

    Вебинардың спикері ретінде Оралдағы “Өрлеу” филиалының тренері Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы қатысты. 

     Бұл вебинарлар шеруі 3,5,7 ақпан күндеріне жоспарланған болатын.  Алдыңғы екі вебинарда білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешен бойынша таныстырылым жүргізіліп, ОӘК аясында тәжірибелік сабақтар бойынша талқылаулар жүргізілсе, бүгінгі вебинарда  курс презентациялары бойынша таныстырылым болып, әр модульдегі тақырыптарды слайдтар арқылы түсіндіріп, жұмысты ұйымдастырудың формалары  мен әдіс-тәсілдері нақты көрсетілді. Теорияны практикамен ұштастырудың жолдарына бағыт-бағдар берілді.

    Вебинарда қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оң эмоционалдық өзара әрекеттесуді қалыптастырудың тиімді жолдары ұсынылып, кері байланыс негізінде педагогтер өз пікірлерімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар