«Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы жалғасуда

«Өрлеу» – Астана Кәсіби даму институты орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту (5-9 сынып)» тақырыбындағы курстың кезекті дәрісін Ғалымжанов Б.Ғ. өткізді.

Курс барысында тыңдаушылар эссе жазу және шығармашылық жанрдағы жазбаларды құрудың әдістемесін дайындауды, оқылымның  экстенсивті және интенсивті оқу түрлерін  көркем мәтіндер үшін тиімді қолдануды меңгеруде. Тренер педагогтерге көркем шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешімді ажыратуды, кәсіби және педагогикалық құзыреттіліктерін жетілдіру үшін Lesson Study технологиясын тиімді қолдануды үйрету арқылы заманауи ұстаз бейнесін қалыптастыру жолдарын қарастырып, біліктіліктерін арттыруда.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар