«Өрлеу» – Астана Кәсіби даму институты орта білім беру ұйымдарының «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдеріне пәндік құзыреттілікті дамытуға арналған біліктілікті арттыру курсын жалғастыруда. «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту (5-9 сынып)» тақырыбындағы курстың тренері – Ғалымжанова Ф.Б.
Курс барысында тыңдаушылар «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту процесіне қолдану, сөйлеу әрекетінің түрлері және тіл білімі салалары, әдеби тіл нормалары бойынша оқу мақсаттарына сәйкес оқыту ресурстары мен әдіс-тәсілдерін іріктеуді, мәтін лингвистикасы, стиль түрлері, әдебиет теориясы бойынша білімдерін жетілдіріп, мәтін талдау, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруда.
Сондай -ақ, сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер дағдыларын жетілдіре отырып, әртүрлі тақырыпта мәтіндер құрастыруды меңгеруде. Lesson Study технологиясы арқылы сабақ жоспарының тиімділігіне баға беруді және жетілдіру жолдарына рефлексия жасауды үйренуде.
