12 қыркүйек 2022 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында аға оқытушысы, п.ғ.м., тренер А.С. Сугурбаеваның ұйымдастыруымен “Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында белсенді әдістерді қолданудың маңызы” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті.
Мақсаты: облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында тіл мен әдебиетті оқытуда нәтижеге бағытталған белсенді әдістерді қолданудың жолдары негізінде мақсатқа бағытталған тапсырма құрастыруды үйрену.
Семинар қатысушылары мектеп-гимназия мұғалімдері өткізген ашық сабақтар мен коучингке қатысып, тәжірибе жинақтады. Коучингте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың өзекті мәселелері қозғалып, тағылымды ойлар ортаға салынды. Семинар рефлексиямен қорытындыланды. Облыс педагогтері семинардың өзектілігін және практикалық маңыздылығын айрықша атап өтті.
«Өрлеу»- Ақтөбе Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымына ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді!












