Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту

Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс педагогтердің сұраныстары бойынша өткізілуде.

 Аталған курста мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, саралап оқытуды ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру, оқушылардың сыни ойлауы мен зерттеу дағдыларын, тыңдаушылардың шығармашылықтарын дамыту, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқуына қолдау көрсету тәсілдерін меңгерту және заманауи IT-технологияларды қолдануда тыңдаушылардың  тәжірибелік білімдерін дамыту көзделген.

 Курс соңында тыңдаушылардың біліктілігін анықтауға бағытталған қысқамерзімді сабақ жоспарлары, жоба жұмыстары, тест және  тыңдаушының өздік жұмыстары қабылданады. Сонымен қатар тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курсын табысты аяқтағаны үшін сертификат берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар