Сәуірдің 7-ші жұлдызында курстан кейінгі қолдау аясында Успен ауданының А. Байтұрсынұлы, Ольгин ауылындағы М. Мәметова атындағы орта мектептірі мен Өрлеу-Павлодар филиалының бірлесіп ұйымдастырылған облыстық семинар-практикумы өтті. Іс-шарада «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктері: мәтін лингвистикасы, оқылым мен тыңдадым мәтінін талдау» тақырыбы қамтылды. Институт оқытушысы Өміргүл Ертісхан педагогикалық және әдістемелік қолдау көрсетті.
Қатысушылар ашық сабақтарға, шебер сағаттарына, тренингтерге қатысты. Ашық сабақ өткізген мұғалімдер курс барысында үйренген тиімді әдіс-тәсілдерді практика жүзінде көрсете білді.
Семинар соңында Ө.Ертісхан «Сана сая жолы» атты рефлекстивтік тренингісін өткізді. Берілген тапсырманы орындау барысында өзара ынтымақтастық нығая түсті. Тренингке заманауи сабақта және тәжірибе бөлісудегі мұғалімнің рөлі жөнінде пікір білдірді.
Мұғалімдер тарапынан семинар өнімді болды деген ойтүйінделді.