Қостанай облысы Білім басқармасы «Өрлеу» БАҰО кәсіби даму институымен бірге «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық съезі өткізілді.
Съезге жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлер, мектеп директорлары және пән мұғалімдері қатысты.


Пленарлық отырыста жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту кафедрасының меңгерушісі Жусупова Галия қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың проблемалары мен шешу жолдары тақырыбында баяндама жасады.
Фасилитациялық алаңдарда қазақ және орыс тілінде оқытылатын мектептердегі пәндерді оқыту мәселелері, оқушылардың дарындылығын анықтау, пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары талқыланды.