2023 жылдың 09 ақпаны күні Ақтөбе қаласының әдістемелік кабинеті және Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалымен бірлескен «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мақсатқа бағытталған тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумы өтті.Семинарға жетекшілік еткен аға оқытушы Анаргул Сугурбаева қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда мақсатқа бағытталған тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдарын атап көрсетті. Қалалық әдістемелік кабинет әдіскері Даригуль Габдрашева тіл мамандарын озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық тұрғыдан тәжірибе алмасуға шақырды. Ақтөбе қаласы №31 қазақ орта мектебінің педагогтері Орнай Идирисова, Дариға Есқалиева, Шакизада Нурбаева, Гульзифа Куспанова, Калдыкул Досжанова, Алтынбек Иманбаевтар сабақ үдерісінде табысты тапсырмалармен жұмыс түрлерін ұйымдастырудың мәнін ұғындырып, нәтижеге бағытталған заманауи сабақ үлгісін көрсетті. Ақтөбе қаласы №31 мектеп басшысы Жумагулов Бахытбек Дуйсенбаевичке және барша ұжымға алғыс білдіреміз! Семинар нәтижесінде қатысушылар сабақ үдерісінде оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастырудың жолын меңгерді. Тіл мен әдебиетті оқытудағы заманауи сұранысқа сай жаңашыл сабақтарды ұйысдастырудың әдістерімен танысып, тәжірибе алмасты. Кәсіби даму институтының директоры, ф.ғ.к. Н.Абишева іс-шараны қорытындылай келе, семинарды өткізген №31 жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымына және семинарға қатысушы педагогтерге алғысын білдірді.

- 09 Фев
- 2023