Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті

2025 жылдың 21 ақпан күні«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының «Педагогика және пәндік әдістер»  кафедрасының аға оқытушылары Есентаева Айжан Идрисовна мен Ибраева Жанар Мухаметкалиевна  Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасымен бірігіп, педагогтерді курстан кейінгі қолдау әрекеті жоспарына сәйкес  «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушының цифрлық   дағдыларын дамыту» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар  өткізді.

          Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық технологияны,  жасанды     интеллект (ЖИ) технологиясының мүмкіндіктерін оқу процесінде тиімді қолдану бойынша білім мен дағдыларды зерделеу,  оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдермен  тәжірибе алмасу.

             Қала мектептерінен 2023-2024 оқу жылында курстан өткен 27 мұғалім қатысты.

Алғы сөзді  №86 мектеп-гимназия директоры Сарбагысов Аскар Темирханович алып, қатысушыларды құттықтап, «Сингапур, Малайзия елдеріндегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Директордың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Алаш идеясы» жобасы бойынша  үздік жұмыстар көрсетілді. Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмамұрат Жандос Сәрсенғалиұлы «Алаш идеясы» жобасы бойынша гимназия жетістіктерін және алдағы жүзеге асыратын шараладың маңыздылығына тоқталып өтті.

Аға оқытушылар Ибраева Жанар Мукаметкалиевна, Есентаева Айжан Идрисовна қазіргі білім беру жүйесінде қолайлы білім беру ортасын қалыптастыра отырып, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға басымдық берілетінін атай отырып, педагогтердің оқыту әдістерін жетілдіруде цифрлық құралдарды тәжірибелерінде  қолданудың маңыздылығына тоқталып өтті.  

         Тәжірибелік бөлімде педагог-шебер Ахметова Ләзатгүл Қасенқызы  «Цифрлық ресурстар – қазақ тілі мен әдебиетін  оқытудың  замануи құралы» шеберлік сабағын берді.  «Miro» интербелсенді тақтасын қолданып, топтық жұмыс жүргізді. «Quizizz», «Genially», «Lumio» сервистеріндегі тапсырмалар түрін көрсетті. «Napkin Ai» жасанды интеллектісін тиімді қолданып, мұғалімдер берілген тапсырмаларды ұтымды орындап, өз тәжірибесімен бөлісті. Ал инновациялық тәсілдерді  енгізу тәжірибелерін  9 «Ә» сыныппен  Сатымбаева Жанар  Манатқызы  «Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романының өміршеңдігі» ,   7 «Ә» сыныппен  педагог-шебер Оспанова Айман   Қадырқызы «Қазақтың дастарқаны –  береке-бірлік бастауы»,  Унербаева Айнур Аблазимовна 10 «А» сыныппен Т.Сұлтанбековтің «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесі», Шалкарбаева Нышангуль Абилкашовна 9 «В» сыныппен Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романынындағы жазушының образ сомдаудағы шеберлігі» тақырыптарында сабақтар өтті. Пән мұғалімдері сабақтарында цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллектіні тиімді қолдана отырып, жоғары кәсіби шеберліктерін байқатты.

       Педагог-зерттеуші Досказиева Ботагөз Қисамадинқызы «Ғ.Мүсірепов – көркем сөз зергері» тақырыбында жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстырып, мектеп мұражайында шағын таныстырылым жасады.

Қорытынды бөлімде Ж.М. Ибраева мен   А.И. Есентаева қатысушылармен пікіалмасу алаңын ұйымдастырды. Мұнда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қолданылған цифрлы құралдардың тиімділігі талқыланып, сабақ көрсеткен әріптестердің тәжірибелеріне кері байланыс берілді.

Семинарға қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп әкімшілігі мен кафедра қызметкерлеріне алғыс білдіріп, сындарлы кері байланыс орнатты.    Іс-шара соңында №86 мектеп-гимназияның директорына және  семинарда белсенділік танытып, өз шеберліктерімен бөліскен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне  құрмет грамоталары табысталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар