“Қазақ халқының көне салт-дістүрлері” танымдық сағаты

19-наурыз күні Өрлеу-Павлодар филиалында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» (оқытушысы Л.Подобинская) және «Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері» (оқытушысы Д. Тоганбекова) білім беру бағдарламалары бойынша біліктілігін арттырып жүрген облысымыздың педагогтері Наурыз мерекесіне арнап «Қазақ халқының көне салт-дәстүрлері» таным сағатын өткізді. Ұйымдастырушылар іс-шараға институт ұжымын шақырып, барша жиналған қауымды халқымыздың салт-дәстүрлерін көрсетіп, тәнті етті.

Таным сағаты қазақтың шашуынан басталып, ұлттық «Ләңгі тебу», «Бес тас» ұлттық ойындарымен жалғасты. Көрермендер назарына әжеңнен қалған естелікті қыз балаға аманат ететін «Шашбау тағу», қыз ұзату, келін түсіру жоралғыларының бірі «Сырға салу» дәстүрлері ұсынылған.

Наурыз мерекесінің рухани бейнесі саналатын, Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді деген сенімге айналған Қыдыр ата да біздің шарадан тыс қалған жоқ. Жиналған қауым қол жай қасиетті қарттың батасын алды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері «Абысындар шайы» атты салтты көрсетіп, жиналан қауымды дастархан басына шақырды. Қатысушылар таным сағатын ән-күй, қазақи бимен тәмәмдады.

«Өрлеу» -Павлодар ұжымы керемет көңілде өткен іс-шара үшін ДЛ. Подобинская мен Д. Тоганбекованың тыңдаушылар топтарына шын жүректен алғыс білдіреді.
Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар