Ақтөбе қаласының №35 орта мектебінің базасында тарих пәнінің мұғалімі Н. А. Бейскалиева “Қазіргі білім беру кеңістігіндегі халықаралық академиялық ұтқырлық: перспективалар мен сын-қатерлер” тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырды.
Іс-шара 10-11 сынып оқушыларына арналған. “Өрлеу” институтының аға оқытушысы Л. Л. Отарбаева, Қ. Жұбанова атындағы университетінің доценті Бегімбаева Ж. С. және тарих факультетінің 4 курс студенті Хабитқызы К. қатысты.
Семинар аясында Лаззат Лайхатқызы Эстониядағы “Болашақ” стипендиясы бойынша ғылыми тағылымдаманың қорытындыларымен бөлісті. Сондай-ақ, курстан кейінгі сүйемелдеу мақсатында Л.Л. Отарбаева тарих пәні мұғалімдері Н. А. Бейскалиева, Э. г. Тілепкалиева, ш. м. Сламгалиева, Г. А. Турумның ашық сабақтарына қатысты.
Қорытындысы бойынша тарих мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін жоспарланған кәсіби интервизия өтті. Мектеп ұжымына шығармашылық табыс тілейміз!




