Z ұрпақ балаларын тарих сабақтарында маңызды материалдарды есте сақтауға қалай үйретуге болады? Сандық құрылғыларсыз оқуды қалай үйретуге болады? Бұл сұрақтар қазіргі педагогтарды толғандырады.
Осы мәселелер бойынша Ақтөбе қаласының “№17 гимназиясының” тарих пәнінің мұғалімдері “Қазіргі заманғы тарих сабағы: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту әдістері” атты республикалық семинар барысында өз тәжірибелерімен бөлісті.
“Өрлеу” аға оқытушысы Отарбаева Л.Л., Canva платформасында тірек және ақыл-ой карталарын жасау, тарих сабақтарында уақыт кестесін қолдану тәжірибесін ұсынды.
Семинар жұмысына Астана қаласы, Абай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарының тарих пәні мұғалімдері онлайн қатысты. Офлайн режимде қала мұғалімдері қатысты.