Қазіргі мектептегі инновациялар: тарих және құқық негіздерін оқытудағы функционалды сауаттылық

Филиалда тарих және құқық негіздері пәні мұғалімдеріне арналған «Қазіргі мектептегі инновациялар: тарих және құқық негіздерін оқытудағы функционалды сауаттылық» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Конференция жұмысында тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудағы функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың өзекті мәселелері, сондай-ақ PISA халықаралық зерттеуінің талаптарын орындау және ЖИ дәуіріндегі педагогтің жаңа рөлі жан-жақты қарастырылды.

Тарихи-құқықтық білім берудің мазмұнын жаһандық трендтерге және функционалдық талаптарға сай келтіру мақсатында:

– тарих және құқық негіздері пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарға PISA форматына сай және нақты өмірлік жағдаяттарға негізделген тапсырмаларды көбейтуді міндеттеу арқылы оқу бағдарламаларын функционалдандыру;

– «Құқық негіздері» пәнін оқытуда қаржылық сауаттылық элементтерін, тұтынушылар құқығын және ақпараттық-құқықтық сауаттылықты азаматтық және құқықтық сауаттылықты кіріктіру мақсатында тереңірек енгізу;

– оқыту процесіне AI дәуірінің талаптарына сай интерактивті және тиімді әдістемелерді енгізу мақсатында инновациялық әдістеме және цифрлық трансформацияны жүзеге асыру;  

– мұғалімдердің ЖИ құралдарын сабақ жоспарлауда және оқушылардың жеке траекториясын анықтауда қолдану тәжірибесін арттыруда ЖИ бейімделу;

– білім алушыларды ЖИ арқылы алынған ақпаратты адами және этикалық тұрғыдан бағалауға үйретуді мәселелері талқыланды.

Еліміздің білім беру саласындағы мамандарды, ғалымдарды, әдіскерлерді және тәжірибелі педагогтерді біріктірген әдістемелік шараның қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, тәжірибесімен бөліскен спикерлерге қатысушы сертификаттары табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар