Қазіргі педагогикалық процесс: мазмұны, әдістері, тәсілдері, формалары

2024 жылдың 18-19 қаңтары аралығында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Жадыра Абдрахимованың ұйымдастыруымен Талдықорған жоғары медициналық колледжінде “Қазіргі педагогикалық процесс: мазмұны, әдістері, тәсілдері, формалары” тақырыбында семинар өтті. Семинарға колледждің жалпы білім беретін  және пән оқытушылары қатысты.

Оқыту семинарының мақсаты – тәрбие әдістерінің көздейтін тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру. Оқытушының ең басты функциясы оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процесстерін басқаруға қолдау көрсету. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру.

Тренер Жадыра Абрахимова қатысушыларға цифрлық технологияларды оқу процесінде қолдануды меңгеру, білім берудің мүмкіндіктерін ұтымды қолдана білуі арқылы оқыту процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша ақпараттар мен іс-тәжірибесімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар