Қазіргі IT-білім берудегі құзыреттілікке негізделген тәсілдеме

2023жылдың 27-қаңтар күні пән мұғалімдеріне арналған «Қазіргі IT-білім берудегі құзыреттілікке негізделген тәсілдеме» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді. Мақсаты: білім беру мазмұнының жаңару жағдайында IT-білім берудегі құзіреттілік негізінде педагогтердің кәсіби білімін кеңейту.📚Вебинар барысында IT-білім берудегі құзіреттілікке негізделген тәсілдеме, оқу үрдісінде цифрлық технологияларды қолдану әдістемесі, цифрлық технологиялардың көмегімен оқу сапасын арттыру, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру тақырыптары қарастырылды. Jamboard, Padlet виртуалды тақталарымен, Castlots кездейсоқ сандар генераторы, “Ментальді карта” әдісі mindmeister онлайн сервистерімен жұмыстар ұйымдастырылды. learning apps.org – әр түрлі деңгейдегі күрделіліктегі интерактивті тапсырмаларды (викториналар, сөзжұмбақтар, пазлдар мен ойындар т.б.) жасауға арналған қосымшаларды, wordwall, quizizz онлайн сервисін қолданып цифрлық ресурстар жасауда практикалық жұмыстар көрсетілді.

Вебинар соңында Padlet виртуалды тақтасы арқылы кері байланыс алынды, мұғалімдер ауызша, жазбаша кері байланыстар бере отырып, алғыстарын білдірді.Вебинар қатысушыларына шығармашылық табыс тілейміз. Болашақта бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімдеміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар