Қайырымдылық күні

2024 жылдың 15-наурыз күні «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ «Мектепке дейін тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасы наурызнама бойынша қайырымдылық күнін өткізді. Сондай-ақ бүгін мейірімділік пен татулық насихатталатын күн болғандықтан, бастауыш кафедрасының тренерлері «Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды» деген мақсатпен іс-шара ұйымдастырылды. Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Демек, Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып келеді. «Мектепке дейін тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасы игі іс-шараның куәсі болып, адамдарға, ағайындарға мейірімділік шапағатын сыйлады.«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы А.К Мынбаева

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар