Қалалық вебинар өтті

 «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Инклюзия жағдайында сабақтағы оқу стратегиялары мен әдістемелік құралдар» атты вебинар өтті.

Вебинарға білім беру ұйымдарының мұғалімдері, педагог-ассистенттер, психолог және дефектолог мамандар қатысты.

Жиында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасаудың заманауи стратегиялары, инклюзивті сыныптарда қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, әр оқушыға жеке көзқарас және қолдау көрсету тәсілдері қарастырылды.

Вебинар барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс істеу бойынша сұрақтарға жауап алды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар