2023 жылдың 4 және 10 ақпаны аралығында Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы Ракишева Анар Алматы қаласының мектептерін аралап, Институттың біліктілікті арттыру курстары және курсаралық іс-шаралар туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, жалпы білім беру мектептері №87, №114, №144, №149, №167, №171 сондай-ақ мектеп гимназиялары №62, №134 және Д.Снегин атындағы №30 мұғалімдері мен мектеп әкімшілігімен кездесу өтті. Кездесу барысында мұғалімдерді толғандыратын сұрақ аттестациядан өту, сабақты зерттеу мәселелері туралы сөз қозғалды. Курс барысында барлық пәндер бойынша бағдарламаға сәйкес толық жауап алатындары туралы, курстық іс-шаралар кезінде білім саласындағы оң өзгерістер мен жаңа талаптардың талданатыны туралы айтылды.

- 16 Фев
- 2023